Кардиолог ұйқысыздықтың қаупі туралы айтты

Кардиолог ұйқысыздықтың қаупі туралы айтты
Фото: depositphotos.com

Кардиолог Тамаз Гаглошвили тәулігіне жеті сағаттан аз ұйықтау қауіпті аурулардың дамуына әсер ететінін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Гаглошвилидің айтуынша, ұйқының жетіспеуінен гипертонияның даму қаупі 7–30 пайызға өседі. Сондай-ақ, екінші типті қант диабетінің пайда болу ықтималдығы 30 пайызға артады. Бұдан бөлек, адамда жүрек ырғағының бұзылыстары болуы мүмкін, әрі дәрігердің айтуынша, дұрыс ұйықтамаған әр сағат сайын бұл қауіп 15–17 пайызға көбейеді.

"Бұл ауру пайда болады деген сөз емес, бірақ үрдіс анық: ұйқының жетіспеуі қан қысымына әсер етеді, инсулин жұмысына кедергі келтіреді және аритмияларды қоздырады", - деп жазды ол.

Ұйқы сапасын жақсарту үшін дәрігер кешке гаджеттерден бас тартуға, жатын бөлмеде жайлы температура орнатуға, түстен кейін кофе мөлшерін азайтуға, бір уақытта жатып, бір уақытта тұруға, сондай-ақ, ұйқыдағы апноэға тексерілуді ұсынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget