- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кардиолог инсульт қаупін...
Кардиолог инсульт қаупін айтарлықтай арттыратын екі өнімді атады
Инсульт өлімге әкелетін ауру. Ал кей өнімдер бұл аурудың қаупін айтарлықтай арттырады. Кардиолог Олег Варфоломеев патология қаупін айтарлықтай арттыратын еттің екі түрін атады.
Дәрігердің айтуынша, инсультке әкелетін негізгі тағамдар өңделген және қызыл ет. Тәулігіне 50 грамм тұтынылатын мұндай өнім ишемиялық инсульт қаупін 14 пайызға арттырды.
"Егер етті тұздау, өңдеу, оны сақтау немесе дәм беру үшін қандай да бір түрде өзгертілген болса, бұл адам денсаулығына қауіпті", - деді Варфоломеев.
Кардиолог өңделген етке шұжық, бекон және ветчина, ал қызыл етке сиыр мен шошқа еті енетінін айтды.
Майлы тағамдарды шамадан тыс тұтыну холестериннің жоғарылау қаупін арттырады.
Айта кетейік, бұған дейін инсульттің бір апта бұрын пайда болатын белгілерін жазған болатынбыз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, инсульт болғандардың 43 пайызы алдын ала оның белгілерін сезгенін айтады.
Т. Раушанұлы