Кардиолог Анастасия Фомичева жаздың ыстық күнінде кофені қалай дұрыс ішу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Mail.ru сілтеме жасап.
Ыстықта ыстық сусындарды тұтынған дұрыс. Ол адамды іштен жылытады, терлетеді, осылайша денені салқындатады. Бірақ аптап ыстықта кофе ішу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені кофе несеп айдайтын әсерге ие, сондықтан ыстық ауа райында оны шамадан тыс тұтыну сусыздануға әкеп соқтыруы мүмкін.
Егер ыстықта кофе ішкіңіз келсе, кофеден кейін қарапайым суды көбірек ішкеніңіз абзал.
Кофенің ең танымал компоненті - кофеин, табиғи психостимулятор, ол сергектікті арттырады, орталық жүйке жүйесін ынталандыру арқылы ұйқышылдық пен шаршауды жояды.
Сонымен қатар, кофеин жүрек ырғағының тұрақтылығына теріс әсер етпейтіні дәлелденген. Қан қысымы қысқа уақытқа көтерілуі мүмкін, бірақ 10 мм сын.бағ. аспайды. Кейбір зерттеулерге сәйкес, кофені күніне бес кесеге дейін ішу (тәулігіне шамамен 400 мг кофеин) кофеден бас тартқандармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!