- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кардиохирургтар науқастың өмірін...
Кардиохирургтар науқастың өмірін сақтап қалды
Алматының қалалық кардиологиялық орталығына жіті жүрек жеткіліксіздігінің айқын белгілері бар науқас келіп түсті. Науқас көлденең тыныс алуда қиындықтарға тап болды . Тек отырғанда дем ала алатын күйде ентігіп келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерлер науқасқа эхокардиография жүргізіп, диагнозын қойған. Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Жидебайұлының айтуынша, науқас орталық және митральды қақпақшаларда вегетациялары бар инфекциялық эндокардит және олардың жеткіліксіздігіне шалдыққан. Егер бұл ауру асқынып кетсе, кез-келген локализациядағы тамырлардың, көбінесе ми тамырларының бітелуіне әкелуіне, бұдан әрі мидың дұрыс жұмыс істемеуіне және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Науқасқа антибиотикалық терапиядан кейін ота жасалды.
"Бұл операция жүректің тоқтауымен және жүрек-өкпе аппаратына қосылуымен жүзеге асырылады. Жүрек қақпақшаларының жағдайы адам шошырлықтай күйде еді. Жүрек қақпақшаларындағы тесіктерді тесетін үлкен вегетациялар болатын. Күрделі операция шамамен 3 сағатқа созылды", - делінген хабарламада.
Операциядан кейін бірнеше сағат ішінде науқас жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, содан кейін ол кардиохирургия бөліміне ауыстырылды. 6 күннен соң науқас кардиосауықтыру бөліміне шығарылды. Қазіргі уақытта оның өміріне ештқандай қауіп жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы