"Кардашьян әдірәм қалсын". Желіде жаңа образымен сынға қалған жұлдыздар

Танымалдардың өмірі әлеуметтік желі арқылы қызу талқыға түсіп жатады. Әсіресе, бұл қатарда кино актерлары мен әншілер бар. Massaget.kz тілшісі жаңа образы Желіде қызу талқыланған өнер адамдары кім екеніне шолу жасады.

Жанар Доғалова

Бірнеше байқауда Қазақстан абыройын асқақтатқан әнші Жанар Доғалованың жаңа образы Желіде қызу талқыға түскен еді. Әншінің Instagram-парақшасындағы суреттерге сүйенсек, жаңа бейнебаянның немесе фильмнің түсірілімі жүріп жатқанын байқауға болады.

Желі қолданушылары суреттерге жағымды пікірлер жазып, әйгілі америкалық кино актриса Анджелина Джолиге ұқсап қалғанын айтқан.

"Жаңа бейнебаян күтеміз", "Форсаж фильмі ме?", "Анджелина Джоли", "Еңбегіңнің жемісін көр", "Образ от", "Тамаша", - деп жазған пікір білдірушілер.

Әсел Садуақасова

Белгілі әнші, актриса Әсел Сәдуақасова ашық образдардан қашпайды. Мұны Instagram-парақшасына жүктелген ерекше образдағы суреттерінен байқауға болады. 

"Жай ғана мен", - деп жазған актриса парақшасында.

Суретке түрлі пікір жазылған. Желі қолданушыларының басым көпшілігі тым ашық образ екенін айтып, сынаған.

"Жалаңаш денелеріңді көрсетпесең болмайды-ау осы сендердің", "Керемет болып тұрсыз", "Әдемісіз", "Әсел-ау! Бұлай жүргеніңізбен біраз қыз-келіншектердің ойын, психикасын бұзасыз ғой", "Өміріңізде жаңа кезең басталғаны сөзсіз, Әсел. Бұрын басқаша едіңіз. Сұлу", "Ертегідегі кейіпкер секілдісіз, қазақтың Афродитасы", - деген Желідегілер.

Мәдина Сәдуақасова

 

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзін әлем жұлдызы Ким Кардашьянмен салыстырған еді. Ол Instagram-ға жариялаған видеосына "Кимекең Кардашьян әдірәм қалсын" деген әзіл сипаттама жазған. Роликте ол кешке арналған көйлегін паш етіп, желі оқырмандарын тәнті еткен.

"Сұлусыз, кім айтады 43-те деп сізді", "Қазақ әйелінің символы", "Әдемі, көздің жауын алып тұрсыз от болып. Тіл-көзден сақтасын!", "Менің сұлу, әдемі, керемет әншім!", "Отсыз ғой, от!" деп пікір жазған Желі қолданушылары.

Ким Кардашьян - 41 жастағы америкалық реалити-шоу жұлдызы, актриса, фотомодель әрі бизнесвумен. "Семейство Кардашьян" атты реалити-шоуынан кейін әлемге танылған.

Желідегі суреттерден әнші Мәдина Садуақасова ерекше образдардан қашпайтынын көруге болады.

Қабдол Тілеков

Әнші әрі актер Қабдол Тілековтің алтын түстес аяқ киімі де Желіде қызу талқыға түскен еді. 

Нұрлан Еспанов Instagram-парақшасында бірнеше өнер иесімен тойда жүрген сәтінен видео жариялап, Қабдолдың Тілековтің аяқ киіміне таңғалғанын білдірген еді.

"Айналайын, Қабдол, алтын қайнататын қазанға түсіп кеткенсің ба? Бәрі таңғалып тұр ғой мына жақта", - деген әнші Нұрлан Еспанов. 

Желі қолданушылары да бұл жайтқа жағымды пікірлер жазған.

"Күшті", "Керемет, үнемі позитив, Сондай болуы керек", "Аяғында дискотека", - деген әншінің оқырмандары. 

Айдана Меденова

Танымал әнші Айдана Меденова жаңа образымен халықты таңғалдырған еді. Ол жақында Instagram-парақшасына жаңа образдағы суреттерін жүктеген болатын.

Әншінің образы айтарлықтай өзгерген. Бұрын оның шашы ұзын болған. Желі қолданушылары оның бұл стиліне түрлі пікір жазған. Тіпті америкалық актриса, модель Ким Кардашьянға, модель Кайли Дженерге ұқсатқандар да табылған. 

"Күйеуіңіздің жолы болған", "Ким Кардашьян", "Қазақтың Айданашьяны (Кардашьян)", "Ай, көз тиіп кетпесін", "Кайли Дженер", "Әдемісің ғой", "От", - деп жазған пікір білдірушілер.

Кәмшат Жолдыбаева

Ашық образдарымен жиі сынға қалатын әнші актриса Кәмшат Жолдыбаеваның стилі кейінгі кезде өзгергені байқалады.

Желі қолданушылары оны Ким Кардашьянға теңеген.

"Қазақстандық Кардашьян", "Бузова қалып қояды", "Қандай кереметсің", "Әдеттегідей", "Ешқандай пластика жасатпай-ақ өте әдемі болып журген Кәмшат қана шығар жұлдыздардан", - деп жазған пікір білдіргендер.

Ал орамал таққан образдарына көпшілігі жасы келгенін айтқан.

"Қартайған", "Орамалмен нағыз қазақтың сұлуы", "Мөлдіреген көздеріңіз неткен сұлу", "Апама әжім түсіпті ғой", "Орамал таққан қатты жарасады екен сізге", "Қартайыпсың ғой", "Жабық киімдер жарасады сізге", "Қандай тас түссе де басына мықтап түскен екен", - деп жазған Желідегілер.

Нұрболат Абдуллин

Әнші Нұрболат Абдуллин де ерекше образдары арқылы халық назарында. Ол денесін көрсеткен суреттерін жиі жүктейді. Сондай-ақ, көйлегінің түймелерін ашып қояды.

Желі қолданушылары оның бір образы "Острые козырьки" сериалында Томас Шелбиге ұқсайтынын айтқан.

 "Сәнқой", "Острые козырьки" деген кинодағы басты кейіпкер сияқтысыз", "Осы әртістің стилі кушті", "Стиль керемет, өте жарасымды", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!