Қарбыздың піскенін әрі тәтті болып шығатынын қабығына қарап, анықтауға болады. Мұндай қарбыздың қабығында бұлыңғыр қабықша мен ашық жолақтар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Общественная Служба Новостейге" сілтеме жасап.
Қарбыз таңдағанда оның піскені мен тәтті екенін көрсететін сыртқы сипаттамаларға назар аудару қажет. Қарбыздың тым кішкентай, әрі тым үлкен болмағаны абзал, сонда ол қарбыз піспеген болып шығуының ықтималдылығы төмен болады.
Тәтті қарбыздың сыртында жер дақтары болуы керек және ол неғұрлым жарқын болса, соғұрлым піскен болып шығады. Сондай-ақ, сарапшылар қарбызды түртуге кеңес береді: дыбыс тым саңырау немесе тым қатты болмауы керек.
Сонымен қатар, сарапшылар қарбыздың пісіп-піспегенін құйрығына қарап анықтаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді, олардың айтуларынша, ол көбінесе тасымалдау немесе сақтау кезінде кеуіп кетуі мүмкін, сондықтан ол қарбыздың дәмі туралы ештеңе айтпайды.
Сатып алынған қарбызды ұзақ уақыт бойы балғын ұстау үшін оны тоңазытқышта, жертөледе немесе балконда сақтау керек. Сарапшылар ең оңтайлы температураны 15 градус цельсий деп санайды.
Еске салайық, бұған дейін кімдерге қарбыз жеуге болмайтыны хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!