- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарбыздың дәнегін бірге...
Қарбыздың дәнегін бірге жеу зиян ба?
Жаз - түрлі жемістер мен көкөністер әбден пісетін уақыт. Сондықтан бұл кезде мұндай өнімдердің бағасы да арзандай түседі. Әсіресе, жаз - қарбыз сүйерлер үшін керемет кезең. Алайда көпшілік қарбызды ішіндегі дәнегімен бірге жейді. Бұл зиян болуы мүмкін бе? Осы сұраққа маман Андрей Тяжельников жауап берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, қарбыз дәнегінің ағзаға зияны жоқ. Алайда маман қарбызбен бірге дәнегін көп мөлшерде жеудің қажеті жоқ екенін де жеткізді. Өйткені ол ішек проблемалары немесе тітіркенген ішек синдромы кезінде жағымсыз жайттарды тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, дәрігер қарбызды қабығымен бірге жеуге болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, егер жемісте зиян нитраттар болса, онда олар қабығына жақын болады. Осылайша, адам қабығына дейін жесе, ішке түседі.
Еске салайық, бұған дейін мамандар кімдерге қауын жеуге болмайтынын айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова