Қарбызды қалай таңдаған дұрыс? Мамандар кеңес берді

Қарбызды қалай таңдаған дұрыс? Мамандар кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Гастроэнтеролог Ирина Губанова жеуге қауіпті қарбызды сыртқы белгілеріне қарап қалай ажыратуға болатынын түсіндірді. Дәрігер бұл туралы aif.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ең алдымен қарбыздың қабығына назар аудару керек. Егер бетінде жарық, ойық немесе басқа да зақым болса, ондай қарбызды алмаған дұрыс. Өйткені бүлінген жері арқылы жемістің ішіне бактериялар түсіп, тәтті ортада тез көбейеді.

Дәрігер қабығында қара, қоңыр немесе суланып тұрған дақтары, зеңі не түсініксіз өңезі бар қарбыздан бас тартуға кеңес береді. Мұндай белгілер жемістің бұзыла бастағанын көрсетуі мүмкін.

Алайда қарбыздың бүйіріндегі ашық сары дақтан қорқудың қажеті жоқ. Бұл - піскен қарбызда болатын қалыпты белгі.

Қабығын басқанда жұмсақ жерлері сезілсе, ондай қарбызды да сатып алмаған жөн. Дәрігердің айтуынша, бұл оның іші шіри бастағанын білдіруі мүмкін.

Тым жылтырап тұрған қарбызға да сақтықпен қараған дұрыс. Мамандар мұндай белгі жемістің химиялық заттармен өңделгенін көрсетуі мүмкін екенін айтады.

"Қауіпсіз қарбыз таңдау оны мұқият қарап шығудан басталады. Күмән тудырған белгі байқалса, тәуекел етпеген дұрыс. Зақымданған, тым пісіп кеткен немесе әлі толық піспеген қарбызда шигелла, зең және ішек инфекциясын тудыратын басқа да микроағзалар көбейуі мүмкін", – деді Ирина Губанова.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget