Қарбызды бүтіндей жеп алған бала Интернет жұлдызына айналды

Қарбызды бүтіндей жеп алған бала Интернет жұлдызына айналды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Мельбурнде (Австралия) крикеттен өткен матч кезінде көрермен бала өзінің "ғажап" тәбетімен көпшіліктің назарын өзіне аудартты, - деп хабарлайды Lenta.ru Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Матч аяқталғанша ол үлкен бір қарбызды қабығымен қосып жеп қойды. Ол сәтті телекамералар видеоға түсіріп алған. Митч есімді ұл бала радиожүргізуші Тони Шибечидің ұлы.


БАҚ мәліметінше, кадр эфирге шыққаннан кейін ұл бала Интернет жұлдызына айналды. #watermelonboy хештегі Twitter-дің австралиялық тобына жылдам түсті. Кейін оны телеарналар өз бағдарламаларына шақырды.


Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz

Қ. Бүйенбай