Көпшілік жаздың келуімен қарбыз бен қауынның маусымын асыға күтеді. Жемістер мен көкөністердің жанынан қарбыз бен қауындарды көріп, қызығып кетуіңіз мүмкін. Алайда дәрігерлер асықпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Асқазан жұмысына қатысты проблемалар пайда болмас үшін кей нәрселерді ескерген жөн. Маманның айтуынша, қарбыз бен қауындар шілденің аяғында табиғи жолмен пісе бастайды. Ал тыңайтқыштар қолдану арқылы олардың пісуін жылдамдатуға болады.
"Олар тез және үлкен болып өсуі үшін тыңайтқыштармен, әсіресе, азотты тыңайтқыштармен "қоректендіруі" мүмкін. Әдетте нитраттар қабығына жақын ақ қабатта жиналады", - дейді дәрігер Вера Сережина "riamo"-ге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, өнімдердегі нитраттар мөлшері суаруға, өнімдерді жинау мерзіміне және өсу шарттарына байланысты болады. Жиі ерте піскен өнімдерде тыңайтқыш көп болады.
Нитарттардың басты қаупі - адам ағзасында олардың уытты нитриттерге айналуы. Ол тіндердің оттекті ашығуын және қанның тасымалдану қызметінің бұзылуын тудырады. Мұндай салдарлардан әсіресе балалар және жүрек-қан тамырлар, тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар қиналады.
Оқи отырыңыз: Жемістердегі пестицидтерден қалай арыламыз?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!