Табиғатты қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайын тексеруді бұйырды. Бұған дейін еріктілер жануарлардың "төзгісіз жағдайда" тұрғандарын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағын тексеруді мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өз бақылауына алды.
Қадағалау органы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар инспекциясына хайуанаттардың онда қалай тіршілік етіп жатқанын тексеруді тапсырды. Тексеруге ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының мамандары да тартылуы мүмкін.
1-шағын аудандағы стадионда орналасқан "Фортуна" хайуанаттар бағы Lider.kz еріктілер ұйымын қатты алаңдатты.
Еріктілер хайуанаттар бағына екі рет барып, ірі жабайы аңдар мен құстардың өте қолайсыз жағдайда екенін хабарлады: ұсақ және лас қоршаулар, торлар дұрыс оқшауланбаған.
Хайуанаттар бағындағы жануарлар лас торда, өз нәжістері мен зәрін жұтып, сасық жерде жатқаны айтылды. Еріктілердің сөзінше, жануарлар бұл жағдайдан ауруға шалдыққан. Олардың жүндері түйіршіктеліп, тыныс алулары нашарлаған.
"Біз жануарлардың ырсылдап, қиналғанын көрдік. Бұл күтіп-баптау нормаларының өрескел бұзылғанын көрсетеді. Су жоқ, тамақ жоқ. Жануарлардың арықтап кеткені көрініп тұр. Неге хайуанаттарды қинап қойып, одан ақша тауып отыр. Бұл жағдайда табиғатты қорғау прокуратурасы араласуға міндетті. Олар кәсіпкердің қызметін тоқтатып, жануарларды шұғыл түрде босатуы керек. Біздің ұйым бұл мәселені шешуге қосымша ақпарат беруге және көмек көрсетуге дайын", - дейді еріктілер.
Еріктілер дәлел ретінде фото-видеоларды көрсетті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!