Қаратеңіздің Түркияға қарасты аймағынан мина табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эреглі әкімдігінің мәлімдемесіне сәйкес, теңіз жағасынан 60 метр қашықтықта, 5 метр тереңдікте Гөктепе аймағында күдікті зат анықталған. Әкімдік мен жағалау күзеті нұсқауы бойынша бірқатар сақтық шаралары қабылданды. Сағат 20:00-ден бастап жағажай мен демалыс аймағы, аквапарк және оның айналасы қауіпсіздік мақсатында жабылып, шомылуға тыйым салынған.
SAS тобы жүргізген тергеу барысында нысанның диаметрі 1 метр екені анықталды. Қауіпсіздік шаралары жүргізілгеннен кейін қауіпті зат арнайы құралмен жойылды. Минаны зарарсыздандыру барысында шамамен 40 минутқа көлік қозғалысы шектелді. Минаны кім қандай мақсатпен орнатқаны зерттеліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!