- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаратаулықтарға 192 пәтер...
Қаратаулықтарға 192 пәтер кілті табысталды
Таласта баспананы көптен күткен тұрғындарды қуантқан іс-шаралар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 80 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілген болатын. Міне аталған игі іс-шара бүгінде өз жалғасын табуда.
Ағымдағы жылды 10 шілдесі күні Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 және 3 мөлтек аудандағы №16 көпқабатты тұрғын үйлердегі 192 пәтер қайта жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған тұлғаларға пәтер кілті табыс етілді.
"Мен де Қаратау қаласының тұрғынымын. Өз басымда жеке баспанам болмай, үй кезегінlе тұрғаныма да біраз жыл болып еді. Міне, сол күткен қуанышыма бүгін жетіп, қолыма пәтердің кілті тиді. Қуанышымда шек жоқ. Енді өз баспанам бар. Бақыт деген осы шығар.
Халықтың әлеуметтік жағдайына ойлап, олар үшін барлық жағдайды жасап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметімізге, сондай-ақ тұрғын үй баспанасымен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып отырған аудан басшылығы мен құрылыс саласындағы басшыларға аналық алғысымды білдіремін", - дейді зейнеткер, жаңа қоныс иесі Кулбязи Шакритдинова.
Салтанатты кілт тапсыру рәсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Медет Уристенов, аудандық мәслихат төрағасы Қадірбек Садубаев және аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қоныс той иелерін қуанышымен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді.
Айта кетейік, тұрғын үй кезегіндегі халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы