Энергетика министрлігі өкілдері Қарашығанақ кен орнында мұнай мен газконденсатын өндіруді неге азайтқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11 қыркүйекте "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг" кен орнында өндіріс 3,3 мың тонна болды, бұл 10 қыркүйекпен салыстырғанда 27 мың тоннаға аз.
"Қарашығанақ кен орнында 11-15 қыркүйек (5 күн) аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ГКДҚ-3 газын кешенді дайындау қондырғысы толық тоқтатылды. ГКДҚ-3 ГӨЗ 3-ті кезекті жөндеу жұмыстары мен газды нөлдік қабылдауғабайланысты тоқтатылды", - деді Энергетика министрлігі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!