Қазақстандықтар қарашада бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Олардың қатарында: Статистика күні, Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні және Сыртқы барлау күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарашада мемлекеттік мерекелер жоқ болғанымен, кәсіби күндер бар:
Кәсіби мерекелерден басқа, қарашада бірнеше маңызды мерекелер бар:
Мереке - мемлекеттік, ресми түрде бекітілген салтанатты оқиғалар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі, Халықаралық әйелдер мерекесі, Тілдер мерекесі, Президент күні. Заңмен бекітілген барлық мейрам атаулысы мереке ретінде танылады. ҚР заңы бойынша мерекелер ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер деген мәртебелерге бөлінеді.
Мейрам деп жалпыхалықтық сипаттағы тарихи қалыптасқан әрі дәстүрге айналған салтанаттарды, той-думанды айтамыз. Мәселен, Айт мейрамы - мұсылмандардың ұлы мейрамы, Наурыз мейрамы - қазақтың ежелден бері тойлап келе жатқан, көне, ұлттық мейрамы, қымызмұрындық мейрамы - бие байлап, алғашқы қымыз ішу рәсімі ғана емес, салт-дәстүрге айналған үлкен халықтық мейрам. Дала дәстүріне ие мерекенің барлығы мейрамға қатысты болады, себебі мейрам - халықтың бір ауыздан қолдаған, таныған мерекесі. Оларға Құрбан айт, Наурыз мейрамы, т.б. тәрізді мемлекеттік мейрамдар жатады. Мейрамның мерекеге қарағанда аясы кең, халықаралық мәртебеге де ие.
Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz қараша айының күнтізбесін ұсынады.
2024 жылғы қарашада аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мына күндері демалады: 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қараша. Алты күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін демалыс күндері тек жексенбі күндері болады: 3, 10, 17 және 24 қараша. Сенбі олар үшін жұмыс күні болып қала береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!