Қарашада қандай жемістер мен көкөністерде дәрумен көп болады?

Ағзаға қажетті дәрумендер маусымдық өнімдерде көбірек болады. Ең пайдалы жемістер мен көкөністерді ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маусымдық өнімдер несімен пайдалы?

Маусымдық жемістер мен көкөністерді өсіру үшін аз тыңайтқыш пен химиялық заттар қажет. Жемістер күн астында ашық далада өздігінен піседі және піскеннен соң жиналады.

Оларда дәрумендер мен микроэлементтердің ең көп мөлшері болады. Әдетте, мұндай өнімдер дереу дүкендерге жеткізіледі және арнайы өңдеуді және сақтауды қажет етпейді.

Уақытында және табиғи цикліне сәйкес пісетін маусымдық жемістер ағзаға барынша пайда әкеледі.

Мұндай көкөністер мен жемістерді өңделмеген түрде жеу қауіпсіз. Маусымнан тыс және жасанды жағдайда өсірілген өнімдерде әртүрлі зиянды қоспалар болуы мүмкін, себебі оларға пестицидтер қосылады.

Қараша айының маусымдық көкөністері

  • сәбіз;
  • қырыққабат;
  • қызылша;
  • Брюссель қырыққабаты;
  • тәтті картоп;
  • гүлді қырыққабат;
  • картоп;
  • пияз;
  • асқабақ.

Қараша айының маусымдық жемістері

  • мүкжидек;
  • алмұрт;
  • құрма;
  • алма;
  • грейпфрут;
  • апельсин;
  • киви;
  • анар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!