Қарашада ауа райына байланысты бірнеше рекорд тіркелді

Қарашада ауа райына байланысты бірнеше рекорд тіркелді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қарашаның алғашқы онкүндігінде Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа температурасына байланысты бірнеше рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің дерегінше, 3 қарашада Балқаш метеостанциясында (МС) температура +15,9°C-қа жетіп, 1955 жылғы рекорд (+15,8°C) жаңартылды. Павлодар МС-де ауа температурасы +15,6°C-қа дейін көтеріліп, 1988 жылғы рекордты (+13,7°C) жаңартты. 

Қарашаның екінші онкүндігінің басында Кар теңізі аудандарынан келген антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамтып, түнде температураның төмендеуіне себеп болған. Солтүстік өңірлерде -11-19°C, ал оңтүстікте -5-10°C-қа дейін төмендеді. Кейбір орталық және шығыс аймақтарда температура -23-29°C-қа дейін жетті. 13 қарашада Қарағанды облысындағы Ақтоғай метеостанциясында ауа температурасы -26,2°C болып, 2018 жылғы рекорд (-25,1°C) жаңарды.

Ай бойы белсенді атмосфералық фронттары бар циклондар республиканың көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынды және желді болған. Осыған қатысты бірнеше рекорд да тіркелді. Мысалы, Ақтөбе облысында 1 қарашада Басқұдық метеостанциясында айлық жауын-шашын мөлшері 16 мм болды (айлық норма - 18 мм), ал 5 қарашада Ұйл метеостанциясында 15 мм жауын-шашын жауды (айлық норма - 22 мм). 11 қарашада Күршім метеостанциясында 30 мм жауын-шашын түсті (айлық норма - 28 мм). 3 қарашада Ақмола облысындағы Бурабай метеостанциясында желдің жылдамдығы 30 м/с-қа жетсе, 6 қарашада Тараз метеостанциясында желдің жылдамдығы 31 м/с болды.

7 қарашада бірнеше аймақта күшті жел тіркелді: Қарағанды облысындағы Корнеевка МС-де жел жылдамдығы 30-34 м/с, Павлодар облысындағы Павлодар МС-де 30-31 м/с, Жетісу облысындағы автоматтандырылған Достық метеостанциясында 36 м/с болды. 10 қарашада Қарағанды облысындағы Родниковское МС-де жел жылдамдығы 31-34 м/с-қа жетсе, 12 қарашада Достықта 31 м/с, ал 14 қарашада 33 м/с тіркелді. 24 қарашада Жамбыл облысындағы Шоқпар МС-де желдің жылдамдығы 36 м/с болды.

Астанада айлық орташа температура -3,5°C болып, нормадан 1,7°-қа жоғары болды (норма -5,2°C). Ең төменгі температура 30 қарашада -14,8°C болса, ең жоғары температура 3 қарашада +13,6°C болды. Ай ішінде жауын-шашын мөлшері 38 мм құрап, нормадан (29 мм) 131%-ға асып түсті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина