Смарт технологияның шегі жоққа ұқсайды. Енді бәрімізге таныс болған спорттық секіргіш жабдығы да «ақылды» құрылымға ие болыпты.
Осындай идеяны FitFox Ltd компаниясы жүзеге асырған. Sophia атауына ие смарт-секіргіш жабдығы жаттығу кезінде сіздің белсенділігіңізді бақылайтын болады. Бұл үдемелі жаттығумен айналысатын тұтынушыларға арналған смарт-өнім.
Ақылды спорт жабдығының бірнеше функциясы бар. Атап айтқанда, адамның секіргішпен секіру санын, секіру жылдамдығы мен жиілігін, жойылған калорияның көлемі мен алға қойылған мақсаттың межесін анықтап отырады екен.
Ал статистикалық ақпаратты екі жолмен білуге болады. Жедел ақпаратты секіргіштің тұтқасына орнатылған арнайы экран арқылы көре аласыз. Ал толық ақпарат алғыңыз келсе, смарт-құрылғыға қосылатын кез келген гаджеттің көмегіне жүгінуге болады.
Sophia секіргіші Bluetooth арқылы Android және iOS платформасындағы смартфондарға қосыла алады. Оған қоса, смарт-секіргіш Health және GoogleFit онлайн қызметтерімен бірігеді. Бұл орайда оның мүмкіндігі арта түспек.
Оның қуат жинақтағышы 1 ай бойы үдемелі пайдалануға жетеді. Ал қуаты micro USB көмегімен толтырылады. Смарт-өнімнің бағасы — 39 евро (44 АҚШ доллары). Жаппай сатылымға шығу уақыты ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.
Сурет: www.raqwe.com
Оқи отырыңыз:
TAG Heuer классикалық сағаты «смарт» үлгіге ауысады
Asus смарт сағаттың өзіндік нұсқасын шығарады (видео)
Apple смарт-қалам шығаруға патент алды
Смарт аяқ киім сізге жол көрсетеді