- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қарапайым жауабым бар"....
"Қарапайым жауабым бар". Мусин телефон алаяқтарымен қалай сөйлесетінін айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарына қалай жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден алаяқтармен күресудің әдістерін сұрады.
"Цифрлық даму министрлігі телеком-опереторлармен бірлесіп, жалған нөмірлердің бұғатталуы үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Алаяқтықтың мәні қоңырау шетелден келуінде, біздің операторлар оны әдеттегі қоңырау ретінде көреді. Біздің телефон нөмірлеріміз роумингте, сол жерден қоңырау келеді. Бұл - алаяқтықтың жаңа түрі.
Бірақ роумингтен келетін қоңырауларды бұғаттау тұрғысынан байланыс операторларымен тиісті жұмыс жүргіземіз, меморандумға қол қойылды. Екі операторда белгілі бір технологияларды тестілеу жүргізілді, жарнамаламау үшін оларды атамаймын, олардың дайындығы жоғары, үшінші оператормен сатып алу процедурасы жүріп жатыр, біз төменгі деңгейге әсер ете алмаймыз, бұлар - жеке операторлар", - деді Мусин.
Алаяқтар министрге де қоңырау шалған екен.
"Иә, олар қоңырау шалды, қарапайым жауабым бар. Осындай қоңырау келсе, қазақ тілінде жауап беремін, олар тұтқаны қоя салады", - деп түйіндеді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова