"Қарапайым болған жақсы ғой". Мәһрге миксер сұраған қалыңдықтың видеосы Қазнетті сүйсіндірді

Желіде мәһрге миксер сұраған қалыңдықтың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео shyndykz Instagram-парақшасында пайда болды. Онда имам алдында отырған қалыңдық күйеуінен мәһрге миксер сұрайды. Қалыңдықтың мұндай жауабы мешітте жиналған жақындарын күлдірді. 

"Біреулер мәһрге көлік сұрап жатса, менің тәтем", - делінген видеода. 

Желі қолданушылары өздерінің мәһрге не сұрағанын еске алып, пікір қалдырған. 

"Мен де миксер сұрағам", "Ештеңе сұрамадым, өзі алтын сырға алып беремін деді", "Термомикс дегені шығар", "Мәһр дегенді енді білдім", "Ой, жарайсың, қарапайым болған жақсы ғой", "Күйеуінің көңіліне қарап айтқаны ғой", - деп жазған Желі қолданушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!