- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қарапайым адамбыз". Қаржы...
"Қарапайым адамбыз". Қаржы министрі ипотекасы барын айтты
Фото:
Фото:primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ипотекасы барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Жамаубаев кулуарда журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты. Алайда қаржы министрі ол банк құпиясы екенін мәлімдеп, тұрғын үй несиесінің сомасын айтудан бас тартқан.
"Бұл - банк құпиясы. Бірақ ипотека бар, иә", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Ол "қаржы министрі де несие ала ма" деген сұраққа жауап берген.
"Иә, біз де қарапайым адамбыз", - деген қаржы министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова