Жеңілдікпен кредит алғанда сіз бизнесіңізді сақтап, бұрынғы позициясына әкеле аласыз. Тіпті бизнесіңізді жаңа деңгейге шығара аласыз. Ол үшін сізде керемет мүмкіндік бар, тек оны дұрыс пайдала алсаңыз болғаны. АТФБанк шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге 12 айға дейін өтеу мерзімімен бар болғаны жылдық 8% кредит ұсынады.
Кім және қанша ала алады?
Кредит берудің максималды сомасы: шағын және кәсіпкерлер сегменті бойынша заңды тұлғалар үшін 3 млрд.теңге және жеке кәсіпкерлер үшін 50 млн. теңге. Бұл ретте, сіздің бизнесіңіз қай салаға жататыны маңызды емес – егер ол короновирустық инфекцияның таралуына байланысты төтенше жағдай уақытында тоқтап қалса, сіз қаржылық қолдауға толықтай сенім арта аласыз – АТФБанк ТЖ уақытында зардап шеккендердің барлығына қолдау көрсетуге дайын!
Мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит берудің қосымша плюстерінің бірі – АТФБанк қарызды бергені және оның қызметі үшін комиссия ұстамайды, оларға әрине, кредиттік шарт бойынша бұзушылықтар орын алғаны мен оның талаптарын орындамағаны үшін ұсталатын комиссия кірмейді.
Алған кредитті қалай пайдалануға болады?
Жеңілдікпен берілетін кредит ақшасы айналымдағы қаражатты толтыруға арналған. Қарапайым тілмен айтсақ, кәсіпкерлер алған қарыз қаражаты есебінен тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге төлемдер жасайды, салық және басқа да бюджетке төлемдерді төлейді, сонымен қатар қызметкерлерге жалақы бере алады.
АТФБанк бұны не үшін жасап жатыр?
"Отандық бизнес пандемия салдарынан төтенше жағдай құрсауында қалды және форс-мажорлық жағдаяттарға тап болды. Осы жағдайда, барлық тарап – мемлекет, кәсіпкерлер және банк жұмылып бір бағытта және жылдам әрекет етуі қажет. АТФБанк өз тарапынан Қазақстандағы іскерлік белсенділікті арттыру және клиенттеріне көмек көрсету үшін аянбай әрекет етуде. Бұрын да солай болған, әрқашан солай болып қала береді. Әсіресе қазіргі күрделі кезеңде біз бірлесіп қиындықтан шығар жол іздейтін боламыз", - деді АТФБанк басқарушы директоры Ляйля Нуркасымова.
АТФБанктің ШОБ-қа жеңілдікпен кредит беруі мемлекеттің пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағдарламасы аясында іске асырылады және бұл #бізбіргеміз жай сөз емес, іс жүзінде екенін көрсетеді
Жеңілдікті кредит 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша үш айдан артық уақытқа кредит төлемін кешіктірген кәсіпкерлерге берілмейді, бұл кез келген уақытта қаржылық тәртіпті сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Серіктес материалы