- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарамағындағыларға бір сағаттан...
Қарамағындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан ауыл әкімі қазір қандай қызметте?
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев қол астындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың сөзінше, мемлекеттік қызмет агенттігі мерзімі өткеннен кейін теріс қылық үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік беретін олқылықтарды жоюды жоспарлап отыр.
Заңдағы қолданыстағы норма қол астындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановқа жазадан құтылуға мүмкіндік берді.
"Бірақ бізде этика жөніндегі комиссия, этика жөніндегі кеңес бар, бұл органдардың барлығы алқалы. Онда біздің өкілдеріміз, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар бар. Осыған байланысты мен қандай да бір кеңес бере алмаймын, себебі бұл этика жөніндегі комиссияның жұмысына араласу болады", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Ол тәртіптік жаза қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тәртіптік іс тоқтатылғанын түсіндірді.
Ол комиссияның ұсынымымен облыс әкімдігіне "олардың басқа әріптестері мұндай теріс қылықтар жасамауы үшін" кейс облыстық әкімдік кеңесінде қарау үшін хат жолданғанын айтты.
Еске салайық, былтыр 23 желтоқсанда Желіде жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарағанын хабарлаған едік. Алайда лауазымды тұлғаға қатысты іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина