TikTok-та қоғамдық тәртіпті бұзған Шымкент тұрғыны қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфирді анықтаған. Тікелей эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап беріп, қоғамға құрметсіздік танытатын сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Онымен бірге 22 жастағы екі тұрғын тікелей эфирге кірген.
"Сот шешімімен 21 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Үш адамға да ресми ескерту беріліп, үшеуі де бір ай мерзімге ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз