- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаралы Қаңтарда қаза...
Қаралы Қаңтарда қаза болған Айкөркемнің әкесінің жағдайы белгілі болды
Қаралы Қаңтарда 4 жасар бүлдіршін Айкөркемнің оққа ұшуы көпшілікті бейжай қалдырмаған еді. Енді соңғы күндері әлеуметтік желіде Айкөркемнің әкесі Айдос Меделханның денсаулық жағдайы елді елеңдетіп отыр.
Facebook қолданушысы Карима Абдрахманова "Айдос Меделхан (Айкөркемнің әкесі) 4-Алматы қалалық ауруханада, хирургия бөлімінде жатыр. Денсаулығы нашар, белгісіз диагнозбен, дәрігерлер оны отаға дайындап жатыр екен, бірақ ешқандай медициналық құжатын келіншегіне көрсетпеген, диагнозын айтпаған, тек ота жасалған соң диагноз қоймақшы екен. Бұл енді сұмдық қой, медицинаның дамыған кезінде неге диагнозды анықтамайды?! Одан қалса палатасында жалғыз өзі ғана жатыр екен, 28 желтоқсаннан бері. Айдосқа қастандық жасауы әбден мүмкін деген ой келіп тұр. Айдостың амандығы керек әділеттілікті орнату үшін! Қолдан келгенше дабыл қағып, Айдосты қорғайық халық болып, таратыңыздар осы постты! Палатасы 12, хирургия бөлімі, 4-қалалық аурухана Алматы қаласында", - деп жазба қалдырған.
Осы жазылымға қатысты аталған әлеуметтің желі қолданушылары дүрлігіп кетті. Көпшілігі жазбаның таралуына атсалысса, қалғаны сауығып кеткенін тілеген. Қолданушылардың бірі отадан кейін диагноз қою мүмкін болатын жағдайлар барын да айтуда.
Алайда науқас жатқан №4 Қалалық клиникалық аурухана мынадай түсініктеме беріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, сол оқиға кезінде Айдос Меделханның Айкөркемі бауырларымен бірге көлікте келе жатып қаза тапса, 16 жасқа аяқ басқан қызы Жанельге жеті оқ тиген болатын.
А. Оралқызы