Перудің Кальяо портында бетперде киген қарулы қылмыскерлер бағалы әшекейлер тасымалдаған брондалған көлікке шабуыл жасады. Олар көлікке оқ жаудырып, бағалы заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:30 шамасында Ла-Перла ауданындағы Коста-Верде тасжолында болған.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан кемінде сегіз қарулы адам шабуыл жасағаны байқалады. Қылмыскерлер үш жол талғамайтын көлікпен жолды бөгеп, брондалған көлікке оқ жаудырған. Кейін көліктің әйнектерін сындырып, ішіндегі адамдарды сыртқа шығарған, сөмкелерді алып қашқан.
Атыс салдарынан бір ер адам мен бір әйел жарақат алды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz