- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қаракөз, Садық, Сыдық....
Қаракөз, Садық, Сыдық. Алматы облысында үшем дүниеге келді
Алматы облысы Қарасай ауданаралық көпбейінді ауруханасында үшем аман-есен дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды. Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтіп отыр, үлкен ұлы 8 жаста.
Үшемінің үлкені - Қаракөз, оның салмағы - 2460 грамм. Одан кейінгілер: Садық, салмағы - 2100 грамм, Сыдық, салмағы - 1820 грамм.
ДСМ баспасөз қызметі
Қарасай ауданаралық көпбейінді ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасы директорының орынбасары Индира Кабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.
"Үшемдер жүктіліктің 36-аптасында дүниеге келді. Үшемнің жүктілігі әрқашан ана мен сәбилер үшін үлкен қауіп саналады, сондықтан әйел бүкіл уақыт бойы бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінде олардың денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты", - деді Индира Кабаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова