Қаракөл қорығының аумағынан қоқиқаз өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Құс өлексесін 26 ақпанда блогер Азамат Сәрсенбаев көрген. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Елімізде инфрақұрылымның кесірінен, әсіресе жоғары вольт сымдарына соқтығысып қанша құс, соның ішінде Қызыл кітапқа енген, өліп жатқанын ойлап көрдіңіз бе? Мысалы, бұл қоқиқаз вольт сымынан өлуі мүмкін. Ал енді бұрынғы шенеуніктер, экологтар менің дрондарымды тәркілеуді ұсынып жатыр. Ойланыңызшы, неге жоғары вольт сымдар Қаракөл қорығының бүкіл аумағында бірнеше шақырымға созылып жатыр? Барлық кінәні дрон басқаратынға аудара салу", - деп жазған Азамат Сәрсенбаев.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Қаракөлде Үстірт қорығының инспекторлары үнемі кезекшілікте тұрғанын хабарлады.
Мамандар қоқиқаз өлекселерін тапқан.
"Құс жоғары вольт желіге түсіп қалған немесе әлсіреп өліп қалған. Бұл көп бола бермейтін жағдай. Басқа құс өлекселері табылмады", - дейді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!