Маңғыстау облысында қырылған аққуларға байланысты Rixos Water World Aktau-ға жоспардан тыс тексеріс тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Экология департаментіне сілтеме жасап.
Экология департаменті мамандарының талдауы нәтижесінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан артық екені анықталыпты.
"Аққулардың өліміне төгілген судың әсерін толық зерттеу үшін Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылды. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті инспекторлық ден қою шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылы Rixos WaterWorld Aktau осыған ұқсас заңбұзушылық үшін жауапқа тартылып, 76 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда көл жағасынан 30 аққу өлі табылғаны хабарланды. Ал кейін "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден аса өлі аққу табылды.
Кеше Маңғыстау облысында қырылған сыбырлақ аққу саны 601-ге жеткені белгілі болды.
Маңғыстау облысындағы аққулардың өліміне Rixos қонақүйінің қатысы бар ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!