“Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды“ - Президент Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы

“Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды“ - Президент Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы
Фото: depositphotos.com/ LyazaTretyakova

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

️Мемлекет басшысының сөзінше, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақ мерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобалардан қаржыландыру, соның ішінде Ұлттық қордан қаржы бөлу жоспарланып отыр.  

"Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді.   Ұлттық қордың пайдасын балаларымыз көріп отыр. Олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатыр. Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамытуымыз керек.   Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жыл, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған жолдауымда кеңірек тоқталамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget