Танымал жас әнші Димаш Құдайбергеновтің костюмі қайырымдылық аукционында 2 млн теңгеге сатылды. Костбмді алматылық азамат сатып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің костюмі Dauletten қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауызашарда сатылған. Сатылымнан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде жіберіледі. Ал костюмді Еркебұлан Әріпбай есімді алматылық азамат сатып алып, парақшасында жаңалығымен бөліскен.
"Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің концертке киген костюмін сатып алуға мүмкіндік болады деп ойламаппын. Бірақ менің қолымда сол костюм тұр. Осыдан бірнеше күн бұрын Дәулет Мұқаевтың қайырымдылық шарасына шақырту алдым. Он жылдан бері таныс болғандықтан, қайырымдылық шарасынан қалмайын деп шештім. Қорға 1 млн теңге аударамын деп бардым. Себебі, бар ақша Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен халыққа кетеді. Ауызашарда қайырымдылық шара болды. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы халыққа ақша жинау мақсатында, аукцион өтті. Аукционда басты экспонат – Димаш Құдайбергеннің костюмі. 1 млн теңге жоспарлап барғанымен, аукцион басталған сәтте баға одан асып кетті. Соңында осы костюмді 2 млн теңгеге сатып алдым" , – деп жазған ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз