- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағұсова үш жылға...
Қарағұсова үш жылға арналған республикалық бюджеттің қашан қабылданатынын айтты
ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсова үш жылдық бюджеттің уақытында, 1 желтоқсанға дейін қабылданатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдауға қатысты сұрақтарға жауап берген Қарағұсова: "Бюджет кодексі бойынша уақыты 1 желтоқсанға дейін. Біз бұл мерзімді сақтаймыз деп нақты айта аламын. (...) Бұл аптада қарап жатқанымызды көріп отырсыздар. Оған объективті себеп бар: мемлекет басшысы әзірше сапарда. Телефон арқылы келісу дұрыс емес деп есептеймін", - деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды.
М. Бисембаева