Қарағандылықтар элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер алып, бастары дауға қалды

Қарағандылықтар элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер алып, бастары дауға қалды

Қарағанды тұрғындары элиталы тұрғын үй кешенінен пәтер алып, бастары дауға қалды. Тәттімбет көшесіндегі жаңа ғимараттың тұрғындары амалсыздан дабыл қағуға мәжбүр. Тоғыз қабатты үйдің кепілдігі төрт айдан кейін аяқталады. Оған қарамастан, түрлі сылтаулар айтылып, құрылыстың кем-кетік тұстары жойылмай отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәттімбет көшесінің тұрғындары сенімді құрылыс салушыны таңдап, жайлы ауданнан жаңа пәтер сатып аламыз деп жоспарлаған еді. Алайда, бүгінде жаңа үйдің кемшін тұстары жетерлік.

"Бізге ауланы су баспайды деп суағар жасады. Алайда оның пайдасы жоқ. Орнатқан есіктері болса сапасыз. Бірінші кіреберіс тұрғындары есікті өз ақшаларына ауыстырды", - дейді Тәттімбет көшесінің тұрғыны Юрий Свиридюк.

Тұрғындардың бас ауыртар мәселесі бір болған соң бірігіп әрекет етіп жүр. Олар өз шағымдарын құрылысқа жауаптыларға айтқанымен, нәтижесісіз болып тұр. Үй екі жылдық кепілдікке ие және оның мерзімі жақын арада аяқталады. Құрылыс салушыны күтуден шаршаған адамдар барлық кемшілікті өз есебінен жоюға кіріскен. Ай сайын пәтер белсенділерінің ауқымды соманы жинауы үйреншікті іске айналған. Желдету жүйесін жөндеу жұмыстары қыруар ақшаны сұрайды. Жеделсаты мұнда күн сайын бұзылады. Тазартылған суағарлар мен күнқағар мүлдем жоқ. Дұрыс орнатылмаған дренаж жүйесінде екінші көктем бойы жертөлені су басып отыр. Ал онда коммерциялық бөлмелер орналасқан. 

"Адамдардың шағымдарын ескере отырып, тұрғын үй кешеніндегі кемшіліктерді жою жұмыстары басталып кетті. Біз барлық проблемадан хабардармыз", - дейді құрылыс салушының өкілі Ернар Оразбеков.

Құрылыс салушылар өз міндеттерінен бас тартпайды, бірақ оны жасамай отыр. Үй аумағындағы шұрық-тесік жолдар да көптеген сұрақ туғызады. Әкімдік өкілдері бұл мәселелер туралы естіп, жолдарды тексеру үшін сол мекен жайға келген.

"Бұл аумақ зерттеліп, биыл жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Алайда бюджетте ақша қарастырылмағандықтан, тұрақ биыл болмайды", - дейді Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің жоспарлау және абаттандыру бөлімінің басшысы Нариман Иткарин.

Бұдан басқа мәселелер әкімдіктің құзыретіне жатпайды екен. Құрылыс салушылар мен тұрғындар қарастыруы керек болып шыққан. Ал әкімдік тарапынан алдағы жылы көктемгі мезгілде су тасқынына қарсы шаралар жүргізіледі. Олар бұл аумақтан қарды уақытылы шығарып, қажет болған жағдайда қапшықтармен көмектеседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz