- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Қарағандылық зергер 30 тұрғынды сан соқтырды

Қарағандыда полиция 30-ға жуық тұрғынды алдаған зергерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды. Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажет екенін айтқан. Сөйтіп әйел алтындарын сол жерге қалдырып кеткен. Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған.
Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі - 854 мың теңге.
Полиция қызметкерлері 45 жастағы зергерді анықтады. Күдікті ақшадан қысылғанын айтып, жәбірленушінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жібергенін түсіндіріп, кепілдік билетін көрсетті.
Тәртіп сақшылары кепілдік билетімен ломбардқа алтын бұйымдарды өткізуге келгенде күтпеген жағдайға тап болды. Белгілі болғандай, зергер бұл ломбардқа жалпы құны 10 миллион теңгеден астам ақшаға 64 алтын бұйым өткізгенін анықтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес