Жұрт наразылығын туғызған бұл проблемаға қоғам белсенділері, журналистер мен экологтартар да араласып, мәселе 2021 жылы шешілуі тиіс еді. Сол кезде, өнімді қайта өңдеу зауытына айыппұл салынып, бірқатар заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолданған. Алайда, бүгінде заңсыздықтар мен жайсыз жағдай қайталанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұрындары бұл жердегі суда балық болатын, мал осыдан су ішетін. Ал қазір, міне тіпті балаларымыз кешкісін осында келіп отыра да алмайды. Жағымсыз сасық иістен тіпті терезені де аша алмаймыз" дейді ауыл тұрғындары.
Тұрғындар бұл аумақты жайлаған жағымсыз иістен қалай құтыларын білмей дал. Кентте халық аз емес, бала-шаға, қарт адамдар да көп. Өткен жылы жұртшылық қолқаны бітер көмескі иістен тұншығып берекесі қашты, кейіннен су арнасынан тіпті малдың өзі су ішпейтінін байқаған. Бұрындары балық аулап жүрген айдын көл сулары үлкен батпаққа айналып, ол жерде иісі өткір қоймалжынды уытты қалдық жайлағанын көрген. Халық дабыл қағып, соңында өнім өңдеушіге айыппұл салынды. Экологиялық рұқсаттамасыз қоршаған ортаға зиян тигізгені үшін, тіпті іскерліктерін тоқтатуға шақ қалған. Алайда кәсіпорын бәрін заң аясында реттеуге бұзушылықтарды жоюға уәде берген. Бірер уақыт қалдықтарды шығару тоқтатылып, тұрғындар да алаңсыз жүрген. Бірақ көп ұзамай тағы да сол қиындықпен ұшырасып отыр. Өрескел іске қатысты Экология департаменті өкілімен тілдестік. Олар өндеуші компания айыппұлды төлеумен қатар барлық талаптарды орындады дейді.
"Алдынғы жылы аталмыш шығындыларды жою үшін ұйғарымдар берілген болатын. 2021 жыл қорытындысы бойынша көрсетілген талаптар іс шараларды кәсіпорын орындады. Енді ол жерде тағы да катлаван жасақтап қойды деген шағым негізінде тексеріс жүргізуіміз үшін департамент атына ресми түрде арыз - шағым жолдануы тиіс" дейді, Қарағанды облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Исжанов
Яғни, мемлекеттік экологтың айтуынша, аталмыш кәсіпорынға қатысты тексерісті бастау үшін, тұрғындардан арыз түсу керек. Ал қоқыспен ластау дерегіне келсек, онымен күресу санитарлық қызметтің құзырында дейді. Қысқасы анау анаған мынау мынаған жауапты деп отырғанда тұрғындар иіске тұншығып, денсаулығын құртып жатыр. Малдары шашылған пакетті жеп,уланып көп ұзамай арам қатуы да әбден мүмкін. Бұл сайып келгене тұрғындарды зиян шектіріп шығынға батырар өрескел жағдай. Сондықтан, заңсыздыққа бей жай қарамай депутаттар мен атқарушы билік осы мәселеге араласса дейді кент жұртшылығы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!