Қарағандылық тұрғын TikTok-тағы жазбасы үшін 7 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық істі Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық соты қарады. Сотталушыға TikTok әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Сот ер адамның қарулы жиһадқа шақыратын діни мазмұндағы жазбалар мен видеоларды жариялағанын анықтады.
Айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол бұл ісіне өкінетінін айтып, соттан ең аз жаза мерзімін тағайындауды сұрады.
Сот қарағандылықты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз