Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны анасын ұрып, қорлап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.
Қаланың 58 жастағы тұрғыны маскүнемдік үшін полицияда есепте тұр, ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Соңғы рет ер адам 25 тәулікке қамауға алынған. Алайда ер адам ішуін қоймай, анасын қорлап жүрген.
Нәтижесінде 23 қарашада Саран қаласының соты ер адамды маскүнемдіктен емдеуге мәжбүрдеп жіберген.
Енді алдағы бір жарым жылда ер адам наркологиялық диспансерде болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!