Қарағандылық журналист Максим Объедков із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Вечерняя Караганда" мәліметінше, журналист 17 маусымда жоғалып кеткен. Ол Дүйсембекова 61 мекенжайында орналасқан үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.
Журналистің бойы - 189 см, арықтау келген, шашы қара, көзі қоңыр.
Үйінен шыққан күні сұр джинсы, көк кроссовка және қара кепкамен кеткен.
Журналисті көргендер: +7 778 872 05 13, +7 708 352 64 60, +7 705 326 86 98 немесе 102-ге хабарласса болады.
Максим Объедков әр жылдары қалалық және республикалық газеттерде спорт журналисі болып жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!