Қарағандылық жігіт көшеде әйел адамның сырғасын жұлып әкеткен

Қарағандылық жігіт көшеде әйел адамның сырғасын жұлып әкеткен
Фото: Полиция департаментінен

Қарағандылық полицейлер қала тұрғынынан алтын сырғасын тартып алған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері тонау жасады деген күдікпен 31 жастағы тұрғынды ұстады.

Күдікті қала көшелерінің бірінде 57 жастағы азаматшаға шабуыл жасап, құлағынан алтын сырғасын шешіп әкеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 177 мың.

Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина