- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандылық ерікті Екібастұз...
Қарағандылық ерікті Екібастұз тұрғындарына не үшін көмектескенін айтты
Екібастұзда ерекше жайт болды. Қарағандылық құрылыс компаниясының директоры әйелі туған күніне сыйлық ретінде зардап шеккен халыққа көмектесуін сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мирас Даниярұлы Қарағандыдағы құрылыс компаниясының директоры. Оның сөзінше, әйелі туған күніне сыйлық ретінде Екібастұзда қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесуді өтінген.
"Жұбайымның туған күні еді. Ол маған бір видеоны көрсетті. Видеода орыстың қызы мешіттің ішінде баласымен бірге жүрді. Мешіттің ішінде балалар көп еді. Олардың барлығы үйлерінде жылу болмаған соң мешіттің ішінде жүр екен. Қатты жаным ашып кетті. Өзімнің де үш балам бар, жұмыс істеймін. Жалпы балалар жылы, жайлы үйде тұру керек. Біздің компанияның жігіттерінің бәрінің отбасы бар. Бригадамызбен келіп, күніне 7-8 пәтерде жылу желісін жөндедік. Үш күн жұмыс істедік. Кеше Сәтбаев көшесіндегі 8-ші үйдің бүкіл блогын бітіріп кеттік. Алты қабатты төрт подъезді және он қабатты екі подъезде жұмыс істедік. Жертөледегі құбырды ауыстырдық", - дейді Мирас Даниярұлы.
Смайылов Екібастұздағы жағдайға кінәлілер жауапқа тартылатынын тағы да ескертті
Одан бөлек, Қарағандыдан көмектесуге әкімдіктің бағыттауымен бірнеше кәсіпорынның жұмысшылары да келген. Ал Мирас Даниярұлы бастаған 2-3 бригада өз қаражатынан көмектесуге ниет білдірген.
"Екібастұзға көмекке баратынымыз жайлы WhatsАpp тобына хабарлама жіберген кезде туыстар мен жолдастар ақша жіберді. Шынымды айтсам, бұл заттарды таратуға уақыт болған жоқ. Біз келгенде мамандар тосып отырды. Бірден жұмысқа кірісіп кеттік. Содан таңғы бесте жатып, үш сағаттан кейін жұмысқа қайта шықтық. Солай үш күн жүрдік", - дейді ол.
Екібастұздағы төтенше жағдай: барлық үйге жылу берілді
Олар өздерімен бірген әкелген гуманитарлық көмекті Бауыржан Момышұлы көшесінде жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға таратқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина