Қарағандылық ер адам Балқаш көліне көлікпен батып кетті

Қарағандылық ер адам Балқаш көліне көлікпен батып кетті
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысында ТЖМ құтқарушылары құтқару жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында қайғылы оқиға болды. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.

Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеді. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды.

ТЖМ ескертеді: қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті. 

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

  • Мұздың қалыңдығын тексеріңіз: бір адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы - кемінде 10 см, ал көлік үшін - 30 см.
  • Қараңғы және жарықтар бар мұз учаскелерінен аулақ болыңыз: мұндай жерлер сенімсіз.
  •  Қараңғы уақытта немесе көрінбеу жағдайында мұзға шықпаңыз.
  •  Мұзды шамадан тыс жүктемеңіз: үлкен топтар немесе техника оны сындыруы мүмкін.
  • Қайда бара жатқаныңызды жақындарыңызға ескертіңіз және әрдайым құтқару құралдарын (арқан, таяқ және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина