- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандылық экобелсенді неге...
Қарағандылық экобелсенді неге құлағына лапша іліп алғанын түсіндірді
Экобелсенді Дмитрий Калмыков "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өкілдерінің отырысында құлағына неге лапша іліп алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экологтың айтуынша, перформансқа "АрселорМиттал Теміртау" өкілдерінің ақпараты себеп болған. Оның сөзінше, компания шаң шығарындыларын 20 пайызға дерлік азайтқан. Ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынына сенімді.
"Мұны тыңдап келе жатқанымызға отыз жыл болды, ал шығарынды азайған жоқ. Олардың зиян шығарындылары азайғанын көз де, мұрын да, есептер де растамайды. Кенет олар шаң шығарындыларын 20 пайызға азайттық деп мәлімдепті. Бұл ретте қазанда олар көп мөлшерде шығарындылар үшін мемлекеттен рұқсат сұраған. Мұндай әңгімелерге біздің көзқарасымыз біржақты. Мұның бәрі шындыққа жанаспайтын, сенімсіз ақпарат және "Арселор" жұртшылықты алдап келеді. Ал біз мұндай әңгімелерге өз көзқарасымызды көрсетіп, лапшаны құлағымызға іліп алдық", - деді Дмитрий Калмыков.
Экологтың айтуынша, кәсіпорын басшылығы халықпен байланыс жасап, зауытқа кіруге мүмкіндік беруі қажет.
Фото: instagram.com/ecomuseum.kz
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" өкілдерінің кезекті есеп беру кездесуінде қарағандылық экобелсенді Дмитрий Калмыков ерекше перформанс қойған болатын. Эколог құлағына лапша іліп, компаниядан халықты алдауды тоқтатуды талап етті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова