- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағандылық блогер ұрлық...
Қарағандылық блогер ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Қарағандыда 33 жастағы тұрғын жергілікті кәсіпорынның төрт электр қозғалтқышын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.
12 наурызда Қарағандыда қаладағы өнеркәсіп орындарының бірінде құрал-жабдықтар ұрланған. Қарақшылар кәсіпорынның қоймасындағы құлыпты бұзып, төрт электр қозғалтқышы және тағы бір құрылығыны ұрлап кеткен. Одан кейін олар "ГАЗель" көлігімен қылмыс орнынан кетіп қалған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қарағандыдағы жеке үйлердің бірінің ауласында тұрған бұл көлікті тапқан. Үйдің 33 жастағы иесі өзін блогермін деп таныстырып, полиция жұмысына кедергі келтірген. Полиция қызметкерлері "ГАЗель" автокөлігін тәркілеп, оны полицияға айғақ ретінде жеткізу үшін эвакуатор шақырды", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері.
Белгісіз біреулер айғақтарды тасымалдау кезінде кедергі келтірмек болып, эвакуатордың дөңгелектерін тесіп кеткен. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді анықтауға тырысып жатыр. Ал қалған заттай айғақтар тәркіленген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек