12 қаңтарда Астананың екі тұрғыны Аршалы ауданында орналасқан Кенетай көліне жеңіл автокөлікпен балық аулауға барған. Діттеген орынға жетіп, көлікті жағадан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта қалдырып, ер адамдар балық аулауға кірісіп кеткен. Алайда, өкінішке қарай, келесі күні ауа райы бұзылып, боран болып, айналаның көрінбей қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астаналықтар ауа райының қолайсыздығын ескеріп, балық аулауды тоқтатып, үйіне қайтпақ болған. Алайда көлікті орнынан қозғау мүмкін болмаған. Жағдайдың қиын екенін байқаған ер адамдар таныстары арқылы осы аймақты жақсы білетін жергілікті учаскелік бөлімшемен байланысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, құқық қорғау органы көмекке бірден іске кірісіп, балықшыларды іздеп тапты.
Аршалы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ учаскелік инспекторы Асылхан Омаровтың айтуынша, қардың көп жауғаны соншалық көлік қозғалмай, тұрып қалған. Тәртіп сақшысы балықшыларға көлікті тастап, үйге барып, боран басылғаннан кейін қайта келген абзал екенін айтқан. Екі күннен кейін полиция қызметкері астаналықтармен байланысып, көліктерін алып кетуге болатынын айтты. Сол жерге жеткеннен кейін қарағандылық үш азаматпен бірге тағы екі көлік қалып қойғанын байқады. Олар мұнда ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт күн бойы тұрып қалған. Олар да бұл жерден шыға алмады, өйткені бүкіл жолды қар басып қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!