Қарағандылық әйел таныстарынан 47 миллион теңге жымқырып кеткен

Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті әйел адамдармен оңай тіл табысып, оларды өзіне сендіре алатын қабілетімен ерекшеленген. Оның таныстары көп болған және ол байланыстарын өз пайдасына пайдаланған. Қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтып, әйел таныстарын қаржы ұйымдарынан несие рәсімдеуге көндірген. Ол несиелерді өзі өтейтінін уәде еткен.

Таныстары оған сеніп, үлкен сомаларға несие алған.  Күдікті әйелдің алаяқтық схемасына 15 адам түскен, олардың алдындағы қарызы 500 мың теңгеден 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға жеткен. Залалдың жалпы көлемі 47 миллион теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!