Қарағандыдағы зообақта сирек жануарлар пайда болды

Қарағандыдағы зообақта маймылдар мен валлаби тұқымдасы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бразза маймылдар отбасы қазір екі жаңа қоршауда тұрады. Бұл - Чехиядағы Хлебы қаласының зоологиялық саябақ жасаған сый.

Чехия хайуанаттар бағынан бір жұп валлаби де сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдас, бірақ көлемі жағынан кішірек. Жануарлар табиғатта өте сирек кездесетін альбиностар.

"Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Барлық сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық. Бұл бәрін жейтін маймылдар. Олар тұқымдарды, жаңғақтарды, маусымдық жемістерді, банандарды, апельсиндерді жейді. Оларға біз хайуанаттар бағында өсірген асқабақ пен цуккини ұнайды. Біз қайнатылған ет пен балықты береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады", - дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!