Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы екі пәтерлі тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың бірі ауыр жағдайда.
"Ер адам реанимацияға жатқызылды. Денесінің 40% күйік шалған. Жағдайы ауыр. Қыз баланың халі орташа ауыр. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жараланған. Ауруханаға жатқызылды, хирургиялық көмектің қажеті жоқ, консервативті ем жасалып жатыр", — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанға қараған түні ТЖМ мәліметінше, Қарағандыда екі отбасы тұратын тұрғын үйде жарылыс болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!