Қарағанды тұрғын үйлерінің бірінде жарылыс болғаннан кейін ТЖМ қызметкерлері оқиға орнында газ баллонын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде №1 пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны алдын ала анықталған. Себептер мен жағдайлар белгіленеді.
"Оқиға орнында ТЖ департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының (ЦӘК) және полицияның 45 адам және 13 бірлік техника күштері жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанға қараған түні ТЖМ мәліметінше, Қарағандыда екі отбасы тұратын тұрғын үйде жарылыс болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!