Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында 16 кеншінің мәйіті табылды. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.
Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!