Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Бөлекпаев.
Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!